СҚО-да қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті
СҚО-да қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті
222
оқылды

Оқиға 11 шілде күні СҚО-да Чермошнянка елді мекенінде болған. Қатты дауыл ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкеткен.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, дауыл салдарынан Чермошнянка орта мектебінің аумағы 924 шаршы метр болатын шатыры зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік желіде табиғаттың дүлей мінезі – дауылды жаңбырдың бейнежазбасы тарады. Білім ордасы 2008 жылы күрделі жөнделіп, шатыры, жылыту жүйесі ауыстырылған екен.