ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде Qurban-2022 қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды muftiyat.kz сайты.
9-11 шілде аралығында өткен мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт күндері Qurban2022.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн және жергілікті қасапханаларда офлайн форматта құрбан шалынды.
Мерекеге орай арнайы құрылған жұмыс штабы құрбан шалу рәсімдерін республика көлемінде ұйымдастыруды қолға алып, бүгінде жүйелі жұмысын сәтті аяқтап отыр.
Еліміз бойынша Құрбан айт күндері Qurban2022.kz сайтына 1 802 тапсырыс берілсе, 2 712 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш келіп түскен. Республика бойынша ұзын саны 1 509 адамнан құралған бірнеше штаб құрылып, 49 қасапханада 198 қасапшы тапжылмай жұмыс істеді.
