Қазақстанда бір күнде коронавирус 1104 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 328, Алматы қаласында – 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында – 88, Атырау облысында – 18, Шығыс Қазақстан облысында – 13, Жамбыл облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында – 11, Қарағанды облысында – 58, Қостанай облысында – 15, Қызылорда облысында – 16, Маңғыстау облысында – 12, Павлодар облысында – 10, Солтүстік Қазақстан облысында – 10, Түркістан облысында 9 адам ауруға шалдыққан. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 312 294-ке жетті.