Ерлан Саиров коронавирустың өршуіне байланысты өңірлерде қажетті вакциналар қорын қалыптастыруды ұсынды
Ерлан Саиров коронавирустың өршуіне байланысты өңірлерде қажетті вакциналар қорын қалыптастыруды ұсынды
Фото: elorda.info
324
оқылды
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елімізде коронавирустың өршуіне байланысты аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазақстандықтарды сақтық шараларына көңіл аудартуға шақырды. 
«Құрметті достар! Коронавирус дерті дүниені тағы да қарпып барады. Солтүстік Америка, Еуропа елдерінде бұл дертпен ауырғандар саны күрт артуда.
Қазақстанда да бір күннің ішінде коронавируспен ауырғандар саны 820-ға жетіп отыр. Тенденция күрделі және оңай емес. Осы тұрғыда  «Қазақстанда жағдай күрт өзгергенде азаматтарға қажетті вакцина бар ма?» деген сұрақ туады. Жалпы, біздің медицина саласы коронавируспен күресуге дайын ба, өткеннен сабақ алдық па? «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, жағдай насырға шауып кетсе, тағы да «әттеген-ай» деп қалмаймыз ба?
Менің ойымша, қазірдің өзінде аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, әрбір азаматқа сақтану шараларына көңіл аударудың қажеттігін түсіндіру өте маңызды! Осы орайда Мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы атынан Денсаулық министрлігіне, облыстық әкімдермен, орталықтағы және өңірлердегі қоғам өкілдерімен біріге отырып, қажетті вакциналар қорын қалыптастыру, коронавирустың алдын алу мәселесіне баса назар аудару қажет деп есептейміз. «Сақтансаң сақтаймын» дейді, сақтануды барлығымыз бірігіп жасайық!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.