Көбейген киік проблемасын шеше алмаған Серікқали Брекешев сөгіс алды
Көбейген киік проблемасын шеше алмаған Серікқали Брекешев сөгіс алды
Фото: atr.kz
930
оқылды
Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды.
– Қаржы бөлінді. Алайда, бұл маңызды міндет әлі орындалмады, сылтау көп. Бұл ретте, біліктілік жоқ па, әлде қасақана орындалмай отыр ма? Орындаушылар үшін түбі жақсылыққа апармайтынын ескертемін. Бұл, ең алдымен, тиісті министрлікке, сондай-ақ басқа да министрліктерге қатысты. Министрге сөгіс жариялаймын, – деді Мемлекет басшысы.