ШҚО әкімі Даниал Ахметов жалақысы қанша екенін айтты
ШҚО әкімі Даниал Ахметов жалақысы қанша екенін айтты
© azattyq-ruhy.kz
771
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте өңір басшысы журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.  Даниал Ахметовке қойылған сұрақтардың бірі оның жалақысына қатысты болды.
«Жалақыға келер болсақ, барлық әкімнің базалық ставкасы бірдей. Ал оның ары қарай өсуі қызметкердің еңбек өтіліне байланысты. Менің еңбек өтілім 48 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 33 жыл жұмыс істеп жүрмін. Мен аптасына жеті күн жұмыс істеймін. Ал осының бәрін ескерсек, менің жалақым екі млн теңгенің үстінде», - деді ШҚО әкімі.
Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірдегі орташа жалақы 262 мың теңгені құрайды.