Нұр-Сұлтанда сәбиді құтқарған бозбалаға құрылыс компаниясы 3 бөлмелі пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтанда сәбиді құтқарған бозбалаға құрылыс компаниясы 3 бөлмелі пәтер сыйлады

Елордада 7-қабаттан құлағалы тұрған 2 жасар сәбиді құтқарған 17 жастағы бозбалаға белгілі «G-Park» құрылыс компаниясы 3 бөлмелі пәтер сыйлады. 

Батыр жігіттің отбасында 6 бала бар екені белгілі болды.

«Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз», - деді Есдәулет Дәуітбеков ҚазАқпарат тілшісіне.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов  елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстағанын жазған болатынбыз.

 

Нұр-Сұлтанда сәбиді құтқарған бозбалаға құрылыс компаниясы 3 бөлмелі пәтер сыйлады

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.