Елордадағы "Арқар" көпірінен өрт шықты
Елордадағы "Арқар" көпірінен өрт шықты
438
оқылды
Елордадағы "Арқар" көпірінен шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.  Ведомствоның хабарлауынша, Сарайшық көшесі бойындағы көпірдің тірек бағандарындағы электр кабелі 40 метр бойы жанған.
«Оқиға орнында электр кабельдерін тоқтан ажырату жұмыстарын жүргізу үшін астананың аймақтық электр желісі компаниясының қызметі шақырылды. Осыдан кейін өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіруге кірісті. Сағат 17:54-де өрт оқшауланып, 18:05-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген хабарламада.