«Тобыл» тұйыққа тірелді
«Тобыл» тұйыққа тірелді
585
оқылды
Чемпиондар лигасы іріктеуінің алғашқы кезеңінде «Ферен­цварош» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы қарымта ойын өткен болатын. Будапешттегі мачта қазақстандық клуб қарсыластарынан ірі есеппен ұтылды. Қазақстанда өткен алғашқы матчта тең тарқасқан қос клубтың тағдыры қарымта ойында шешілмек болған. Ақыры венгриялық «Ференцварош» Тобылды 5:1 есебімен тас талқан етті. Ойынның басынан-ақ басымдығын көрсеткен «Ференцварош» 4 минутта Траоренің голынан кейін алға шыққан. Көп ұзамай 17 минутта Траоре тағы бір голды қақпада тулатты. Одан соң 21 минутта Лайдуни тағы есепті еселеді. Тобылдық клуб сапынан Сергеев 23 минутта көзге түсіп, жанкүйерлерге үміт сыйлаған. Алайда алаң иелерінің ойыншысы Басси 74 және 90+1 минут­тарда гол соғып, матчтың нүкте­сін қой­ды. Енді қостанайлық Тобыл Кон­ференция Лигасына ұмтылыс жасайды.