Тоқаевтан сөгіс алған 3 министрге қандай шара қолданылатыны белгілі болды

Тоқаевтан сөгіс алған 3 министрге қандай шара қолданылатыны белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер Бақыт Сұлтановқа, Ербол Қарашөкеевке және Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады. Мемлекеттік саяси қызметшіге жарияланған сөгістен оларға қандай шара қолданылатыны белгілі болды 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Серікқали Брекешевке және Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа,  Ауыл  шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Tengrinews.kz мәліметінше, саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік тағайындау ережелері Президенттің 2015 жылғы Жарлығында көрсетілген. Бұл министрлерге де қатысты.