Украинамен соғыста Ресей қанша әскерінен айырылғаны белгілі болды
Украинамен соғыста Ресей қанша әскерінен айырылғаны белгілі болды
© interfax.ru
12,524
оқылды
Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Ресей армиясы 38 мың әскерінен айырылған. Бұл туралы Украина қарулы күштері Бас штабы хабарлады. 
15 шілдедегі жағдай бойынша, Ресейдің Украинадағы шығындары: – шамамен 38 000 (+130) адам қаза тапты; – танктер – 1 672 (+5); – жауынгерлік броньды машиналар – 3 866 (+14); – артиллериялық жүйелер – 842 (+2); – РСЗО – 247; – әуе шабуылына қарсы күрес құралдары – 109 (+0); – ұшақтар – 220 (+1); – тікұшақтар – 188 (+0); – жедел-тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттар – 681; – қанатты зымырандар – 155 (+0); – кемелер / қайықтар – 15 (+0); – автомобиль техникасы және автоцистерналар – 2 731 (+11); – арнайы техника – 67 (+0). Айта кетейік, Ресей әскері Украина аумағына 24 ақпанда басып кірді.