Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 60 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Финалда Шәмшадин кореялық Вон Джим Кимнен басым түсті. Балуандар ұзақ уақыт бір-бірін ала алмай жүрді. Аяғанда Ким үшінші рет ескерту алып, Шәмшадин жеңімпаз атанды, ал Корея өкілінің күміс медальды місе тұтуына тура келді.