«Нарық субъектілерінің нақты бағалары туралы халықты және бизнесті барынша ақпараттандыру, сондай-ақ бөлшек сауда желілерінің, өндірушілер мен жеткізушілердің тиімділігін қамтамасыз ету қаралады. Екінші жағынан, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы айналымындағы «айналым схемасын» қаржыландырудың қазіргі көлемі небәрі – 4 пайыз. Сондықтан ол нарыққа жеткілікті түрде әсер ете алмайды», – деді Сұлтанов.Вице-премьер қаражат қозғалысының ашықтығы мен тиімділігі артқан сайын қаржыландыру көлемі де кезең-кезеңімен ұлғая түсетінін айтады. Сонымен қатар Сұлтанов негізгі тауарлар балансын қалыптастырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту туралы ой қосты.
Оның айтуынша, мамырда Бас прокуратура 122 базарды тексерген. Қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема анықталыпты. Енді министрлік Бас прокуратурамен, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп заңнамалық нормалар әзірлемек. Жаңа нормалар сауданы ұйымдастыру жауапкершілігін базар иесіне жүктеп, нарық үшін біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеп, отандық тауар өндірушілердің сауда орындарына бәсекеге қабілетті және еркін қолжеткізуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құрады.«Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама субсидиялау тәсілдерін қарастырады және ішкі нарықты толтыру бойынша тауар өндірушілердің өзара міндеттемелерін қамтамасыз ету бөлігінде саланы қолдаудың басқа да шараларын қарастырады», – дейді ол.