Банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлады
Банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлады
763
оқылды
Банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлап кеткен.
"Қала тұрғыны депозитінен ақша жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінді. Зейнеткер банкке ақшасын 2018 жылы салғанын және ұзақ уақыт пайдаланбаған қаржыны депозитінен шешу үшін банкке келгенін айтты. Ол банкке келгенінде шотында жинақ жоқ екенін білді", - делінген полиция хабарламасында.  
Полицейлер ақшаның жоғалуына банк қызметкерінің қатысы барын анықтады.
Ол жәбірленушінің 6 миллион теңгесін өзінің досының шотына аударғаны, содан кейін ақшаны шешіп алғаны белгілі болды. Қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Бір тәулік ішінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады.