Алматы – Мале авиарейсінің кешігу себебі белгілі болды
Алматы – Мале авиарейсінің кешігу себебі белгілі болды
284
оқылды
Алматыдан Малеге ұшып шыққан Air Astana ұшағы техникалық ақауларға байланысты кері қайтарылды.
«16 шілде күні Алматы – Мале бағытындағы KC585 рейсін орындайтын Air Astana авиакомпаниясының Airbus A321 ұшағы кесте бойынша сағат 01.47-де ұшып шықты. Ұшу барысында бақылау және қозғалтқыш тербелісі индикациясының датчигі істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес, ақауды жою үшін ұшып шыққан әуежайға қайта оралу шешімі қабылданды. Сағат 03.30-да әуе кемесі Алматы әуежайына қонды. Қону штаттық режимде өтті. Қонғаннан кейін екі сағаттан соң жолаушыларға тамақ пен сусын ұсынылды. Ұшақ бүгін сағат 18.15-те ұшып шығатыны жоспарланған», - делінген авиакомпанияның Telegram-каналында.
Жолаушылар өтемақы мәселесі бойынша авиакомпанияға хабарласа алады. Авиатасымалдаушының мәліметінше, өзге қалаларда тұратын жолаушыларды Алматы қонақүйлеріне орналастыру мүмкін болмаған. Себебі сол уақытта серіктес-қонақүйлерде бос орын қалмаған. Жолаушылар шығын сомасын қайтарып алу үшін чектерді клиенттермен жұмыс бөліміне жіберуі қажет.