Алматыда аптап ыстық болады
Алматыда аптап ыстық болады
1,809
оқылды
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 17 шілде күні Алматыда 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Алматы қаласы  Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ыстық ауа райы өте қауіпті екенін хабарлайды. Ол, әсіресе жүрек қан-тамырлары, артериалды гипертония ауруларымен ауыратындар үшін қауіпті, олардың инфаркт, инсульт алу қаупі бар. Серуеннен бас тартып, белсенді қимылдамауға тырысыңыз. Артериалды гипертониямен науқас адамдар дәрігерлердің кеңестерін жіті қадағалап, қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрулері керек.
«Артериалды гипертониямен ауыратындар ұдайы артерия қысымын тексеріп жүргені дұрыс. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпеуі үшін далаға шықпауға кеңес береміз», – деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.