UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновқа Актау қаласында екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшыға сыйлық жасалған видеоны Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала әлеуметтік желіде жариялады.
Рахмонов аралас жекпе-жектен Ақтауда өткен Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турниріне қатысты. Шоудың басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Ермеков (14-5) уақытша Eagle FC титулын жеңіп алды.