Оралда айналма жолда жол апатынан 8 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар, – деп жазады «Мой город».
Дереккөздің жазуынша, жол апаты бүгін түнде сағат 02.45 шамасында VenOil жанар-жағармай құю бекетіне таяу маңда болған.
Орал қалалық Полиция басқармасының басшысы Константин Недопёкиннің айтуынша, Nissan көлігінде тек қана жүргізуші болған. Lada көлігінде бес ересек адам, екі бала отырған.

«Nissan көлігінің жүргізушісі өз жолындағы машинаны басып озу үшін жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Lada көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында 5 адам қаза тапты. Үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – деді Константин Недопёкин.
Арада көп уақыт өтпей ауруханаға жеткізілген Nissan көлігінің жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы екі бала да көз жұмды.
Полицейлер жол апатының себебін анықтап жатыр.