Ақтаулық әйел көзінде әйнек сынығы бар екенін 25 жылдан кейін білген
Ақтаулық әйел көзінде әйнек сынығы бар екенін 25 жылдан кейін білген
355
оқылды
Ақтаулық тұрғын 25 жылдан кейін көзінің астында әйнек сынығы болғанын білген, - деп хабарлайды  Lada.kz сайты, Әйелдің көзінің астында 1997 жылдан бері әйнек сынығы жүрген. Ол жол апатынан кейін қалып қойған.
"Ол 1997 жылы жол апатына ұшыраған. Нәтижесінде, бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Кейін қыз есін жиған, бірақ бетінде үлкен тыртық қалып, көзі өзгеріске ұшыраған. Науқастың көзінің асты жиі ауырып, үнемі жас аға берген. Дәрігерлерге жиі барып, түрлі мамандарға жүгінсе де, ешқандай нәтиже бермеген", - деді клиника қызметкері.
25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты. Әйнек қауіпсіз түрде шығарылған.