Алматы облысында көлігімен жылқыны қасақана таптаған ер адам жазаланбайтын болды
Алматы облысында көлігімен жылқыны қасақана таптаған ер адам жазаланбайтын болды
Фото: zakon.kz
6,648
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көлігімен жылқыны таптаған жүргізушіге қатысты іс екі тараптың (жылқы иесі мен жылқыны таптаған көлік иесі) татуласуымен аяқталды. Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне малдың құнын толық төлеген. Сондықтан күдіктіге қатысты іс тоқтатылды.
«Екі тараптың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол жылқы иесіне келтірілген залалды толық өтеді. Жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты мал иесінің шағымы жоқ», – деді департамент өкілі.
Көлік таптаған жылқыны иесі сойып алуға мәжбүр болған. Жылқыны таптаған ер адам ауылдасымен жанжалдасып қалған соң озбырлық әрекетке барғанын айтқан.

Бұған дейін Талдықорғанда кәсіпкер Lexus-470 көлігімен қол астындағы жұмысшысын таптап өтіп, жауырыны мен 9 қабырғасын сындырғанын жазған болатынбыз.