«Екі тараптың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол жылқы иесіне келтірілген залалды толық өтеді. Жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты мал иесінің шағымы жоқ», – деді департамент өкілі.Көлік таптаған жылқыны иесі сойып алуға мәжбүр болған. Жылқыны таптаған ер адам ауылдасымен жанжалдасып қалған соң озбырлық әрекетке барғанын айтқан.
Бұған дейін Талдықорғанда кәсіпкер Lexus-470 көлігімен қол астындағы жұмысшысын таптап өтіп, жауырыны мен 9 қабырғасын сындырғанын жазған болатынбыз.