Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларды соққан жүргізуші қайтыс болды
Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларды соққан жүргізуші қайтыс болды
Фото: yandex.kz
Шымкентте жол жиегіндегі жылқыларды соққан көліктің жүргізушісі қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасынан тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, –  деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Оқиға Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылындағы Абдулабад көшесінің бойында болған. Сағат 20.00 шамасында 4 жолаушысы бар «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан  Volkswagen Passat  маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, жол апатына тап болған.
«Аталған оқиға бойынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», –  делінген хабарламада.