Президенттен сөгіс алған Серікқали Брекешев өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Президенттен сөгіс алған Серікқали Брекешев өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
© inbusiness.kz
1,839
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мемлекет басшысынан сөгіс алғаннан кейін өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.
«Бұл тұрғыда шешімді мен қабылдамаймын. Отставкаға жіберу туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды. Сондықтан отставка мәселесіне қатысты ештеңе дей алмаймын. Біздің жұмысымызға бағаны жоғары басшылық береді», – деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бирфингте.
Бұған дейін Мемлекет басшысы киіктерді атуға рұқсат берген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялағанын хабарлаған болатынбыз.
«Салалық министрлікке қатысты айтсақ, министрге сөгіс жариялаймын. Біріншіден, сөгіс жоғарыда айтқан кемшіліктер үшін беріліп отыр. Сондай-ақ киіктердің келешек тағдыры туралы түсініксіз әуре-сарсаң мен пікірталас қалыптастырғаны үшін сөгіс жарияланады. Мұның бәрін қоғамдық талқылаудың осыншалық деңгейіне шығарудың қажеті не? Бұл мәселеге ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыда келу керек. Шынымен де, киік – қазақ халқы үшін киелі жануар болып есептеледі», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Министр Мемлекет басшысының ескертуінен кейін Үкіметтен киік мәселесін реттеу үшін ақша сұраған болатын.