Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды
Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды
© inbusiness.kz
1,304
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке, сондай-ақ оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинға қатысты қылмысты істі тергеп жатыр.  Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 7 айға дейін ұзартылған. Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа – 2022 жылғы 6 тамызға дейін, Дәулет Ерғожинге – 2022 жылғы 13 тамызға дейін қамауда ұстауға шешім шықты. Жедел тергеу тобы Мәсімов пен өзге тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр:
  • ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау";
  • ҚР ҚК 179-бабы 3-бөлігі – "Билікті күшпен басып алуға бағытталған әс-әрекеттер";
  • ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру";
  • ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі – "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану";
  • ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі – "Аса ірі көлемде пара алу".
8 қаңтарда ҰҚК ведомствоның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарлады.  Оның қылмыстық ісіне "аса құпия" белгісі берілді.