Алматы облысы Междуреченск ауылының тұрғындары 18 шілде күні кешкі сағат 22.00 шамасында көлікпен жылқыны қасақана таптаған ер адамның үйіне жиналғанын Полиция департаменті растады. «Үйінің жанына шамамен 20-25 жергілікті тұрғын жиналды. Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы барды. Полицейлер жиналған бір топ адаммен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін барлығы үй-үйіне тарады», – деді полицей. Ешкім қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында көлігімен жылқыны қасақана таптаған ер адамның жазаланбайтынын хабарлаған болатынбыз.