Алматы облысында жылқыны қасақана басқан ер адам кешірім сұрады

Алматы облысында жылқыны қасақана басқан ер адам кешірім сұрады

Көлігімен жерде жатқан жылқыны қасақана таптап кеткен Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны кешірім сұрады.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Камерада ер адам жылқыны неге басып кеткенін түсіндірді.

"Тәртіпсіздігім үшін кешірім сұраймын, өйткені мен өз территориямда жылқыны басып кеттім. Бұл жануардың иелерінен кешірім сұраймын, әрине мен өте нашар іс жасадым. Мен кінәмді толығымен мойындаймын», - деді ер адам.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысында 38 жастағы тұрғын ауылдасымен жанжалдасып, Toyota Land Cruiser көлігімен атын қасақана қағып кеткен еді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.