Жерорта теңізінің жағажайлары қазақстандықтардың сүйікті мекеніне айналды
Жерорта теңізінің жағажайлары қазақстандықтардың сүйікті мекеніне айналды
3,256
оқылды
Көпшілігіміз жыл бойғы жұмысымыздың демалысын жаз айларына жоспарлап жатамыз. Сондықтан да қазір саяхаттардың, сапарлардың қызып тұрған шағы. Қазақстаннан, әсіресе Түркияға, Жерорта теңізінің жағасына барып, демалғысы келетіндердің қатары жиі екені мәлім. Ал туризм саласы жалпы ішкі өнімнің 4,5%-ын құрайтын мемлекеттің қонақтарына да қабақ шытып қарамайтыны анық. Қайта онда жыл сайын елімізден баратын 60 мыңға тарта туристің аузының суы құрып қайтпайтыны кемде кем, тіпті жоқтың қасы. Біздің білуімізше, Түркияға жол салғандардың дені теңіз жағасында тыныққысы келгенімен, емделу үшін де бауырлас мемлекетке сапарлайтындар аз емес. Өйткені, аркадашларымыз медицинасын да әлдеқашан заман талабына сай жаңғыртып, жолға қойып алған. Гёреме ұлттық паркі және Каппадокия жартастары, Дивриги қаласынадағы мешіт, Хаттус қираған үйінділері, көне Иераполь, ежелгі Ликияның астаналары сынды жүздеген тарихи нысандарды тамашалағысы келетін отандастарымыз, тіпті көп. Қалай десек те, Түркия деп барғандардың Анталия шәрісіне аяқ шалдырмайтыны тағы аз. Жерорта теңізінің жағасындағы бірегей қаланың сән-салтанаты өз алдына, меймандарын мейірлене қарсы алатын қонақ үйлерінің саны мыңдап саналады. Осы сәтте ғой, туристің қайсысын таңдарын білмей, бір ауық сарсаңға түсетіні. Ал біз көпшіліктің пікірін зерделеп, көп артықшылықтарына қанығып, Calista қонақ үйін атар едік. Осы тұста «Неге? Қандай?» деген сықылды заңды сауалдар туады. Жауап беріп көрелік... Calista Calista Luxury Resort – халықаралық мәртебесі бар «Жасыл жұлдыз» марапатына ие Түркиядағы алғашқы қонақ үй екен. Демек, қонақ күтуде біршама жылдық тәжірибесі барын да аңғартады. Нысанның жалпы аумағы қозыкөш аумаққа созылып жатыр, цифрлап айтсақ 120 000 шаршы метр алаңды қамтиды. Бұл маңнан қарағайлы орманды көресіз, табиғат пен теңіздің айрықша үйлесіміне көз сүйсіндіресіз. Жерорта теңізі жағалауының інжу-маржаны деп бағалауға да әбден лайық. Қонақүй кешеніндегі «Лео» вилласы «Калиста Люкс» курортының сәнділігі мен әсемдігінің көрінісі деуге болады. Талғампаздықтың символы болып табылатын осы вилланың керемет баспалдағымен, жеке жылытылатын бассейнімен және люкс тұрғын үй-жайларында сіз өзіңіздің спа-ңызға, кинотеатрыңызға және спортзалыңызға кіресіз. Жақындарыңызбен уақыт өткізіп, теңіз жағасындағы таңғажайып көрініспен, сіздің бақшаңыздың биіктігінде орналасқан жеке террассаңызбен сәнді өмір мен табиғаттың сұлулығын бойға сіңіруге, тіпті ыңғайлы. Calista Мұнда тоғыз жатын бөлме бар: дөңгелек кереуеті бар корольдік жатын бөлме, бір кереуеті бар алты жатын бөлме, екі кереуеті бар екі жатын бөлме. Қайсысы ыңғайлы, мархабат! Бұдан бөлек, қонақ бөлме мен асхана, күту бөлмесі, ойын-сауық бөлмесі (бильярд, дартс), виллаға тиесілі жеке жылытылатын бассейн сізге жан-жақты қызмет көрсетеді. Жұмыс кабинетімен, демалуға арналған жиһаз, террассадағы қолшатырлармен қамтылған. Жүкті ыңғайластыру, заттарды шкафқа салу, бүктеу, жуу, үтіктеу және қарапайым жөндеу сияқты шаруаларға бас ауыртпасаңыз да болады. Жағажайда және бассейнде қызмет көрсету, кез-келген тағамдар мен сусындарды ұсыну, хатшы қызметтері, компьютер мен интернетке қатысты қызметтер, қонақ үйде және одан тыс жерлерде кез-келген қызметті брондау, ерекше мерекелер ұйымдастыру – қонақүй кешенінің міндетіне кіреді. https://youtu.be/849g7teVUHc Мұндағы Callos Спа-орталығы – қыз-келіншектердің сүйікті мекені. Сұлулық салоны мен әйгілі түрік шаштаразыңыз да осында. Ал қарапайым, көпшілікке қолжетімді жеті нөмір бар десек, солардың бірі - Superior Garden View. 52 шаршы метр бөлмеге 3 адамға дейін жата алады. Мұнда да жақсартылған бөлмеде демалып, кең қонақ бөлмесінен бастап, тәтті ұйқыға арналған king-size керуетіне дейін пайдалана аласыз. Барлық сәттерді және барлық көріністерді тамашалауға мүмкіндік бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 6 бөлме меймандарға деген ыстық ықыласты аңғартады. Calista Қонақ үй кешенінің Bellum мейрамханасы – әлемдік асүйдің салтанат орны. Сіз не іздесеңіз де, керемет таңғы ас, түскі ас және ұзақ түскі ас, Bellum мейрамханасында ұсынатын бай буфеттен таңдау сіздің кез-келген аспаздық талғамыңызды қанағаттандырады. Егер сіз күннің кез-келген уақытында тамақтанғыңыз келсе, бассейнде немесе жағажайда болсаңыз да, сіз әрқашан оңай қол жетімді жерде дәмі тіл үйіретін орамалар, салаттар, сэндвичтер мен жеңіл тағамдар таба аласыз. Әсіресе, туған күн немесе мерейтой құрметіне дастархан жаю керек болса, ұмытылмас бал айын өткізгіңіз келсе, Калиста командасы сізге не қажет екенін жақсы біледі. Calista Қонақ үй кешені туралы көсіле жазып, көңілге қонған қызметтерді ретімен әңгімелей беруге де болады. Бірақ, «жүз рет естігеннен, бір рет көргенге» не жетсін! Қысқасы, Анталияға барсаңыз, Calista құшақ жая қарсы алатынына біз кепіл.