Алматыдағы көпір астында бір мезетте 5 автокөлік соқтығысып қалды
Алматыдағы көпір астында бір мезетте 5 автокөлік соқтығысып қалды
392
оқылды
Алматыдағы көпірдің астында қатарынан бес автокөлік соқтығысып қалды. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Қалалық Полиция департаментінде жол апатының себеп-салдары айтылды.
Белгілі болғандай19 шілде күні  сағат 19.30 шамасында HOWO маркалы жүк көлігін басқарған Р. есімді жүргізуші Саин көшесінің бойымен батыс бағытта және Мұстафин көшесі көпірінің астында қашықтықты сақтамағаны үшін Lexus LX 470 автокөлігімен соқтығысуға жол береді. Алған соққыдан Lexus LX 470 автокөлігі инерция бойынша Toyota Corolla және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысады. Toyota Camry автокөлігі бір бағытта келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысады. Жол апаты нәтижесінде Lexus LX 470 көлігінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факт Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен тергеліп жатыр», деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_press)