Көкшетауда полиция бастығының орынбасары 50 мың доллар парамен ұсталды
Көкшетауда полиция бастығының орынбасары 50 мың доллар парамен ұсталды
©24.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Көкшетаудағы полиция қызметкерінің қылмыстық істі жабу үшін ірі көлемде пара алу фактісін тексеріп жатыр.  Бұл жайында Aitu  хабарлайды. Антикордың хабарлауынша, күдікті қылмыстық істі тоқтату үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат алған. Осы факті бойынша Көкшетау қалалық ІІБ лауазымды тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың анықтауынша, негізі іс басқа органның құзырында екен. Тергеу нәтижесінде Көкшетау қалалық ІІБ бастығының орынбасары ұсталды. Әзірге ол қамауға алынды. Іс бойынша басқа ақпараттар әзірге жария етілмейді.