Теңіз кен орнында 33 жұмысшы астан уланып, ауруханаға түсті
Теңіз кен орнында 33 жұмысшы астан уланып, ауруханаға түсті
Теңіздегі «ISKER Консорциумы» ЖШС 33 жұмысшысы астан уланып қалды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бүгін «ҚазПромСтройИнжиниринг» ЖШС асханасында түскі ас ішкеннен кейін жұмысшылар өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлік көмекке жүгінді. «Теңізшевройл» ЖШС емханасында оларға диарея диагнозы қойылған. Он шақты адам ауруханаға жатқызылды.