Антикор 50 миллион теңге бопсалаған журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Антикор 50 миллион теңге бопсалаған журналист Махамбет Әбжанның ісіне қатысты мәлімдеме жасады
437
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде журналист әрі блогер Махамбет Әбжанның банк шоттарына шектеу қойылғаны туралы тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады. 
«Telegram арналардың бірінде күдікті М.Әбжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банк шоттарына шектеу қойылғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Ведомствоның хабарлауынша,  шектеулер тергеу аясында күдіктінің өзінің банктік есепшоттарына ғана енгізілген.
«Қоғамдық пікірді бұрмалау және тергеуге ықпал ету мақсатында жалған ақпарат таратылуда. Біз азаматтардан ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуін сұраймыз», – делінген ақпаратта.
3 шілдеде журналист Махамбет Әбжан бизнесменнен 50 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Елорданың тергеу соты Әбжанның қанша уақытқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын.