Тоқаев Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты – фото
Тоқаев Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты – фото
742
оқылды
Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
 width= Айта кетсек, Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді. 1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті.  width= Қазір музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5 000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12 000. Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.   width=