Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

мереке
© 24.kz

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні күзгі-қысқы жылыту маусымы аяқталатын 16 сәуірде тойлануы мүмкін.

Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесі туралы Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Құжатты жария түрде талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және күтіп ұстайды, осылайша азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтті және ТМД-ның көптеген елінде, соның ішінде Ресейде, Беларусьта, Украинада, Өзбекстанда сақталған. Дәл осы күні тұрғындарға қажетті осы салада өмір бойы жұмыс істеген ТКШ ардагерлеріне құрмет көрсетілген. Бұл мерекені белгілеу ардагерлердің орнына осы салаға жоғары білікті жас мамандар мен инженерлердің келуіне, сондай-ақ ТКШ қызметкерлері кәсібінің беделін және олардың кәсіби мақтанышын арттыруға ықпал етеді», - деп жазылған қаулы жобасының негіздемесінде.

Бұған дейін тамызда қазақстандықтар қанша күн демалатынын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.