Бақытгүл Хаменованың ісі: сот отырысы 3 тамызда өтеді
Бақытгүл Хаменованың ісі: сот отырысы 3 тамызда өтеді
Фото: yandex.kz
305
оқылды
Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9.30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді. Биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-ның директорына қатысты қылмыстық іс түскен. Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова былтыр желтоқсанда қамауға алынған болатын.