Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты қашан басталатыны белгілі болды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты қашан басталатыны белгілі болды
©stan.kz
7,939
оқылды
Осыған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталады.
Сот маусым айында басталуы керек болатын. Алайда іске төрағалық етуші сот басқа іспен кеңесу бөлмесіне кетіп, сот отырысы кейінге қалдырылды. Ол кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін, Президент Жарлығымен басқа сотқа ауысып кетіп, сот тағы да болмай қалды.
– Белгілі себептермен Б.Хаменованың сот отырысы кейінге қалдырылған болатын. Басты сот отырысы 3 тамызда өтеді, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бақытгүл Хаменова Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Хаменованың қылмыстық ісін тергеуді мамырда аяқтап, Атырау облыстық прокуратурасына жіберген болатын. Прокурорлар қылмыстық істі зерделеп, ешқандай заңбұзушылықтар таппай, істі Атырау қалалық №2 сотына жолдады. Алайда қылмыстық іс сотта тұрып қалды.