Қазақстанда демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
Қазақстанда демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
© stan.kz
424
оқылды
"Қазгидромет" РМК 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.  Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ,  Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
"Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді, республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады", – делінген хабарламада.