Алматыдағы ірі сауда үйіне тағы да бомба қойылды

Алматыдағы ірі сауда үйіне тағы да бомба қойылды

Алматыда  MOSKVA Metropolitan ірі сауда және ойын-сауық орталығында бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау 102 пультіне бүгін түскен.

«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екені анықталды», – деп хабарлады ведомстводан.

Алматы полициясы тұрғындарды жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.