Бестөбеде кеніштен ер адамның денесі табылды
Бестөбеде кеніштен ер адамның денесі табылды
821
оқылды
Ақмола облысының Бестөбе алтын кенішінде ер адамның денесі табылды. «Алтыналмас» АК» акционерлік қоғамының мәліметінше, аталмыш шахтаның жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай уақыт болған. Іші жер асты суына толған, сондай-ақ, желдету және басқа инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті. Ер адамның денесі ұйықтауға арналған көрпе қаптан табылған. Оның сол Бестөбе ауылының тұрғыны екені белгілі болып отыр. Осы ретте Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі шахтадан ер адам денесінің табылу дерегін растады.