Алым төлемей, шетелден көлік әкелген бе?
Алым төлемей, шетелден көлік әкелген бе?
Алматы облысында 13,5 миллиард теңге алым төле­мей, көлікті бастапқы тіркеу­ден өткізген 2 329 дерек анықталды. Бұл заңсыз­дық­ты Мемлекеттік кірістер ко­ми­теті әшкере етті. «Алматы облысының салық органдары Алматы облысы Әкімшілік полиция басқармасының тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) 13,5 миллиард теңгеге көлік құралдарын алым төлемей бастапқы есепке қоюдың 2 329 дерегін анықтады. Өзге елдерден әкелінген көліктер, атап айтқанда, шыққан уақыты жеті жылдан асқан жүк тракторларын бастапқы тіркеу кезінде 2500 АЕК көлемінде алым төлемегені анықталды (2019 жылы – 6,3 миллион теңге, 2020 жылы – 6,9 миллион теңге, жылы 2021 жылы – 7,3 миллион теңге)» делінген комитет дерегінде. Мемлекеттік кірістер комитетінде бұл деректер міндетті төлемдерді нақты төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілі бар екенін ашқан, бұл бюджетке айтарлықтай шығын әкеледі. Әкімшілік полиция түспеген алым сомасын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері кінәлі адам­дар тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қор­ғау органдарына жіберілді.

М.Хақназар