Қырғызстаннан Қазақстанға контрабандалық тауар өткізбек болғандар ұсталды
Қырғызстаннан Қазақстанға контрабандалық тауар өткізбек болғандар ұсталды
359
оқылды
Шекарашылар Қырғызстан Республикасы Талас облысының «Чон-Капка-автожол» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға заңсыз жүк тасымалдамақ болғандардың ізін кесті. Бұл жайында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар басқармасының хабарламасынан белгілі болды. Ведомство мәліметінше, 1997 және 1984 жылғы Қырғызстан азаматтары «Рено» және «Вольво» жүк көліктерімен құжатта көрсетілген тауарлардың – тұз бен желімнің орнына халық тұтынатын тауарлар – киім мен аяқкиім алып өтпекші болған. Бұдан бөлек, 1965 жылғы Қырғызстан азаматы тізгіндеген «Вольво» жүк көлігін тексеру барысында шекара жасағы 272 қорап медициналық дәрілер тапқан. Тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін жүргізушілер мен жүк жауапты орган қызметкерлеріне берілді.