Газбен қамту жұмыстарын күшейту қажет
Газбен қамту жұмыстарын күшейту қажет
207
оқылды
Мемлекет басшысы QazaqGaz ұлттық ком­пания­сының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабыл­дады. Президентке QazaqGaz ҰК биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қаржы-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ ішкі нарықты тауар­лық газбен қамтамасыз ету жө­нін­дегі тапсырмасының орын­далу барысы туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлт­тық компанияның қабылдаған шұғыл шаралары ішкі нарықтағы тауарлық газдың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бергені жөнінде баяндалды. Санжар Жаркешовтің ай­туынша, қазіргі таңда ішкі на­рық­тың газға деген сұранысы то­лық қамтамасыз етілген. QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард тек­ше метр болатын газ өңдеу зауы­тын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жө­ніндегі жаңа жо­ба­ларды іске қосу арқылы ресурс­тық базаны ұл­ғайту жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Сондай-ақ Газ саласын да­м­ытудың 2022-2026 жылдарға ар­налған кешенді жос­пары бекітіл­ген. Мемлекет басшысына компа­нияның қызметіне жүргізіліп жат­қан кешенді тексеру жұмысы­ның барысы туралы мәлімет бе­рілді. Қазақстанның газ тасы­малдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізілуде. Ұлттық компанияның шығын­дарын оңтайландыру нәти­же­сін­де жыл басынан бері 9 миллиард теңге үнемделді. Бұдан бөлек, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы газға қо­сылу жөніндегі техникалық шарт­тарды беру үшін талап еті­летін құжаттар тізімін қысқарту жұмыс­тары жүргізіліп жатқанын айтты. Баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты ша­ра­лар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылды. Кездесу соңында Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арт­тыру жөнінде тапсырма берді.