ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
267
оқылды
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады. 24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: - Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз; - Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады; - Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз; Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады; - Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін-өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді. - Балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін. - Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).