Алматыда көлік терезесінен басын шығарып алған жігіттер жазаланды
Алматыда көлік терезесінен басын шығарып алған жігіттер жазаланды
310
оқылды
Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін Range Rover көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты. Әлеуметтік желіде көлік терезесі мен люгінен денесін шығарып алған екі жігіттің видеосы тараған болатын. Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарына ілініп, нәтижесінде жол ережесін бұзған 1996 жылы туған К. есімді көлік жүргізушісі анықталды. «Range Rover көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», – деп хабарлады полициядан.