Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қарағанды қармен күресуге дәрменсіз

«Айқын» ақпарат
Ақпан 1, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Қарағанды қармен күресуге дәрменсіз
37
қаралым

Қарағанды облысына соңғы 15 жылда жаумаған қар жауды. Қар тазалау жұмыстарына аймақ бюджетінен 8 млрд 300 млн теңге бөлінгеніне қарамастан кеншілер шаһары қар құрсауында қалды. Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 елдімекен электр энергиясынсыз қалып, барлық бағыттар бойын­ша қозғалыс жабылды.

Осы мәселелер облыстық төтен­ше жағдайлар жөніндегі комиссия­ның кезекті отырысында талқы­лан­ды. ТЖД ақпараты бойынша, 17-29 қаңтар аралығында облыс бойынша жауын-шашын нормадан екі есе артық жауған.

– Ауа райының нашарлауы Бал­қаш, Приозерск қалалары мен Шет, Ақтоғай және Жаңаарқа аудандары­ның оңтүстік шекараларынан басқа об­лыстың барлық аумағында бай­қал­ды. 105 құтқару операциясы жүр­­­гізілді. 954 адам құтқарылды, 229 бірлік техника жұмылдырылды. Адам­дар жылыту бекеттеріне орна­лас­тырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Қар басқан елдімекендерден емдеу мекемелеріне 21 адам жет­кі­зіл­ді, оның ішінде 6-ы жүкті әйел, – деп хабарлады облыстық ТЖД бас­тығы Ибрагим Күлшімбаев.

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті

Ақмола облысында қалың қар құрсауында қалған ер адам құтқарылды

Республикалық жолдарда 820 ма­шина, оның ішінде 188 жеңіл, 601 жүк көлігі және 31 автобус қар ас­тын­да қалды. Теміржол вокзалы мен әуежай штаттық режимде жұмыс іс­теді. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек рес­публикалық жолдардағы жағдай­ға байланысты «Қазақавто­жол»  ме­­­­ке­­месінің басшылығына сын айт­ты.

– Мердігердің жұмысы әлсіз бол­ды. Қысқы уақытта жолдарды қа­дағалауға дайындық деңгейі тө­мен болды. Қалалар мен аудан­дар­да жақын күндері барлық қоғамдық орын­дарда, мектептер, ауруханалар, бала­бақшалар маңайынан қар таза­лап, тасып шығарыңыздар. Жи­нау үшін қауіпсіз орындарды анықтау керек. Әкімдер, қар тазалау жағдайы бойынша әр елді мекенде жеке жауап беретін болады, – деді аймақ басшысы.

Шенеуніктердің есебі бойынша, қолайсыз ауа райы жылумен қамта­ма­сыз ету жүйесіне әсер етпеген. Об­лыста барлық 8 станса штаттық ре­жимде жұмыс істеді. Облыстың 13 елді мекені жарықсыз қалды. Олар­дың кейбірінде электр қуаты қал­пына келтірілді.

Қарағанды – «Сарыарқа» әуе­жайы автожолында ТЖД қызмет­кер­лері 72 адамды құтқарды. Жол­дың тазартылған учаскесіне 23 же­ңіл және 2 жүк көлігі шығарылды.

Сонымен қатар жедел ауруха­на­ға жатқызуды қажет ететін адам­дар­ды медициналық мекемелерге та­сы­­­малдау бойынша жұмыстар жүр­­гізілді. Ақтоғай ауданында Нар­ман­бет ауылынан Балқаш қалалық ауруханасына жолда жедел жәрдем көлігінде босанған әйел жеткізілді. Түн­де тағы бір жаңа туған сәбиді құт­қарушылар Ақтау кентінен Те­мір­тау ауруханасына алып келді. Нұра ауданында Көбетей ауылынан да орталық аудандық ауруханаға жүкті әйел жеткізілді. Ал Бұқар жы­рау ауданының Самарқанд ауылын­да толғағы жеткен әйел үшін құтқа­ру­­шылар 29 қаңтар күні 04.20-да Теміртаудан жедел жәрдем бригада­сын жеткізді. Қарағандыда Көгілдір тоғандар шағынауданында шақырту алған жедел медициналық жәрдем көлігі сүйретіліп шығарылды.

Жолдарды жабу бекеттерінде жүрген жүргізушілер мен жолау­шы­лар үшін жылыту бекеттерінде та­мақ­тандыру ұйымдастырылды, жа­нармай құюға көмек көрсетілді.

Қарағанды облысында жауған қалың қар көктемде су тасқыны қау­пін ұлғайтуда. Су тасқынынан ал­дын ала сақтану үшін дайындықты қазір бастау туралы шешім қабыл­дан­ды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасым­бек әкімдерге және барлық жауапты органдарға тапсырма берді. Қарағанды облысында су тасқыны­ның белсенді кезеңі наурыздың бі­рін­ші онкүндігінде басталады.

– Су тасқынының өтуі көбінесе ауа райы жағдайына ғана емес, су объектілерінің дайындық дәре­же­сі­не, мемлекеттік басқару орган­да­ры­ның үйлесімді жұмы­сына, азамат­тық қорғау жүйесінің күштері мен құрал­да­рының және материалдық құрал­дар резервтерінің болуына, сон­дай-ақ халықтың дайындығына бай­ланысты болады. Тасқынның бел­сенді кезеңі басталғанға дейін бар­лығын тағы бір мәрте пысықтау үшін кеңейтілген құрамда комис­сия­ның тағы бір отырысын өткізе­міз, – деп қорытындылады Жеңіс Қасым­бек.

«Қалың жауған қардың соңы су тасқынына ұласпауы ерекше бақы­лау­да болсын» деп тапсырма берді ай­мақ басшысы.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТ

Қарағанды облысы

 
Тегтер: Бюджетқарқар құрсауыҚарағандытазалау
Алдыңғы жаңалық

Студенттер жағдайы бақыланады

Келесі жаңалық

Кімнің бағы басым түседі?

Ұқсас жаңалықтар

волейбол
Жаңалықтар

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем
Жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
зауыт
Жаңалықтар

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»