Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 2 054 адамнан анықталды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 333 547-ге жетті. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 806, Алматы қаласында – 532, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 83, Жетісу облысында – 84, Атырау облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Абай облысында – 26, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 130, Қостанай облысында – 11, Қызылорда облысында – 36, Маңғыстау облысында – 14, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Түркістан облысында 11 тұрғыннан коронавирус анықталды. Айта кетейік, бір тәулікте 1 083 адам коронавирустан емделіп шықты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 341, Алматы қаласында – 490, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысында – 26, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында – 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты. Елімізде барлығы 1 301 086 адам коронавирустан емделді.