Елімізде кейінгі тәулікте 2649 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде кейінгі тәулікте 2649 адамнан коронавирус анықталды
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 2649 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 331 493-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 808, Алматы қаласында - 810, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 73, Ақтөбе облысында – 26, Алматы облысында - 81, Жетісу облысында - 64, Атырау облысында - 56, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 34, Жамбыл облысында - 85, Батыс Қазақстан облысында - 45, Қарағанды облысында - 212, Ұлытау облысында - 44, Қостанай облысында - 41, Қызылорда облысында - 60, Маңғыстау облысында - 30, Павлодар облысында - 31, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Түркістан облысында - 19. Қазақстанда 971 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 293, Алматы қаласында - 590, Алматы облысында - 29, Қарағанды облысында - 49, Түркістан облысында - 10. Елімізде барлығы 1 300 003 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.