Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланы тікұшақпен іздеп жатыр

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланы тікұшақпен іздеп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған үш жасар баланы 621 адам іздеп жатыр. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Ұлан ауданы Таврия ауылында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар түнімен 3 жасар баланы іздеді. Әділхан Сейсембайдың жоғалып кеткені туралы полицияға оның  әкесі хабарлаған. Бала аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткен.

«Қазір баланы 621 адам жан-жақтан ауыл аймақта 16 секторға бөлініп іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіруге квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды», - делінген ресми ақпаратта.
Үш жасар баланың бойы – 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде жасыл түсті футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл түсті шорты, қара-көк түсті кроссовка болған. Полиция жоғалған баланы көрген-білгендер болса, 102 жедел арнасына хабарласуды сұрайды.