Алты жасар бала трактор тіркемесінің астына түсіп, мерт болды
Алты жасар бала трактор тіркемесінің астына түсіп, мерт болды
285
оқылды
Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды. Оқыс оқиға Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған. Полицейлердің мәліметінше, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жастағы бала трактордың тіркегішіне мініп алған.
«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.