Полиция елорда әкімдігінде болған төбелес туралы ресми мәлімет таратты – видео  

Полиция елорда әкімдігінде болған төбелес туралы ресми мәлімет таратты – видео  
Фото: newtimes.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде әйелдер төбелес шығарған.

«Полицияға кеше сағат 11.12-де Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, кіреберісті жауып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама түсті» делінген ресми хабарламада.

Төбелестен кейін екі тарап полицияға шағымданған.

«Кикілжіңге қатысушылардың арызы «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді полицейлер.

 

Кеше әлеуметтік желіде елорда әкімдігінің ғимаратында ер адам мен әйелдердің жанжалдасқаны туралы видео тараған еді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.