Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер «Керемет» шағынауданындағы тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жатыр.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 10 қабатты тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан жылдам тағам дайындау асүйі өртеніп жатты. Өрттен шыққан түтін жоғары қабаттардағы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін өрт сөндіру сатысы қойылды», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 10.58 шамасында толық сөндірілді. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.